Жемқорлықтың алдын алу және парасаттылықты қалыптастыру

Интернет-конференция барысында азаматтар жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу, жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша сұрақтарын жолдап, Департаменттің жұмысын одан әрі жандандыру бойынша ұсыныстарымен бөлісе алады

  • Сұрақтар: 7
  • Жауаптар: 7
  • 05.09.2019, 09:00
  • 05.09.2019, 18:30

Байкуатова Куралай 05.09.2019, 09:51, Сұрақ нөмірі: 8610

  • 0

Адалдық дүкендері бүгінгі таңда қалай жұмыс істеуде? Яғни, тиімді нәтиже көрсетті ме?

Ақмола облысы 05.September.2019, 16:01

Сәлеметсіз бе! Сұрақ қойғаныңыз үшін рахмет! Бүгінгі таңда ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің бастамасымен және «Ақмола – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің қолдау көрсетуімен Ақмола облысында 276 адалдық дүкені жұмыс істеуде. Аталған дүкендер жоғары оқу орындарында, мектептерде, мемлекеттік және құқық қорғау органдарында ашылған. Мұндай дүкендерді ашу халықтың жағымды моральдық қасиеттерін, соның ішінде ішкі парасаттылық пен адалдықты тәрбиелеуге, «сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетті» қалыптастыруға өз ықпалын тигізіп отыр. Бұған студенттер арасындағы жүргізілген сауалнама нәтижелері куә.