Мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтауы, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы және мемлекеттік қызметке түсу
«Мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтауы, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы және мемлекеттік қызметке түсу» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Ақтөбе облысы бойынша департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Ә.Қ. Мұқашев жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 3
- Жауаптар: 3
- 05.09.2019, 14:00
- 05.09.2019, 17:00
Сейтмаганбетова Жазира 05.09.2019, 15:56, Сұрақ нөмірі: 8618
Сәлеметсіз бе! Жалпы конкурстарға қатысу үшін қандай құжаттарды тапсыру керек екендігін білейін деп едім
Ақтөбе облысы 05.September.2019, 16:41
Сәлеметсіз бе. Жалпы конкурсқа қатысу үшін кандидаттар келесі құжаттарды ұсынады: 1) өтініш; 2) қызметтік тізім; 3) бiлiмi туралы құжаттар немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі; 4) еңбек қызметін растайтын құжаттар немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі; 5) 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі (жарамдылық мерзімі 6 ай); 6) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; 7) психоневрологиялық және наркологиялық ұйымнан анықтама немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі (жарамдылық мерзімі 1 жыл). Бұл ретте, 3), 4), 5) және 7) тармақтарында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынған жағдайда, кадр қызметі түпнұсқалармен салыстырып тексереді. Ал, заңнаманы білуге арналған тестілеудің және жеке қасиеттерін бағалау бойынша өткен қорытындысын персоналды басқару қызметімен «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы тексеріледі. Сонымен қатар, өз тарапыңыздан бiлiмiңізге, жұмыс тәжiрибеңізге, кәсiби деңгейіңіз және беделіңізге қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере аласыз.