Қарағанды облысының инфрақұрылымдық дамуы
«Қарағанды облысының инфрақұрылымдық дамуы» тақырыбында интернет-конференция өтетін болады. Пайдаланушылардың сұрақтарына Қарағанды облысының әкімі Ерлан Жақанұлы Қошанов жауап береді.
- Сұрақтар: 9
- Жауаптар: 9
- 18.09.2019, 15:00
- 18.09.2019, 18:00
Құлжа Әлихан 18.09.2019, 15:41, Сұрақ нөмірі: 8630
Құрметті Ерлан Жақанұлы! Сізге қояр сауалым, Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Сарыобалы ауылына су, ұялы байланыс желісі және жол қашан тартылады? Су мәселесін 2020 жылы шешеміз деген болатын. Сарыобалы ауылы қазіргі таңда басқа да ауылдар секілді мал шаруашылығымен күн көріп отыр. Сонымен қатар ақшаның көзі ауылымыздағы 9 жылдық мектеп. Біздің ауылдан шығатын еттің сапасы өте жоғары. Ауыл азаматтары қолдарынан келгенше малдарын күтіп, облыс орталығына келіп өткізеді. Малды қораға кіргізіп, оны базарға барып өткізудің арасындағы процесс өте күрделі. Себебі: біріншіден-су мәселесі. Ауылда жалғыз құдық бар. Қыста ол жерде ұзын-сонар кезек болады. Ол қатады, кейде электр қуаты болмай істен шығып қалады, кейде су сорғыштың тозығы жетеді. Сол кезде ауыл суға жарымай қалады, мал түгілі адамдар ішерге су таппай қалады. Екіншіден-ұялы телефон желісі. Малды базарға өткізу үшін, қаладағы сатып алушылармен келісу керек. Келісіп алып бармасаң малдың өтуі қиын. Көрші ауылдардың барлығында дерлік ұялы байланыс бар да бізде ғана жоқ. Соны түсінбедік. Үшіншіден-жол мәселесі. Ауыл мен Қарқаралы ауданына баратын жолдың бөлігін жол деп айтуға ғана келеді. Жазда ойқыш-ойқыш, қыста жабық. Жол жүру деген біз үшін үлкен бір рәсім. Барлығын сайлап шықпасаң сол 109 шақырымдық жер барса-келмес секілді. Біз ауыл адамдары үйреніп те кеттік. Ал бірінші рет келген адамдар бастарын шайқап, енді келмеспіз деп бастарын шайқап кетеді. Құрметті Ерлан Жақанұлы менің осы сұрағыма назар аударып, бей-жай қалдырмайсыз деген ойдамын. Себеі ауыл алтын діңгек, ауыл тірек.
Қарағанды облысы 18.September.2019, 17:32
Қайырлы күн, Әлихан. Біріншіден. Сарыобалы ауылына су жүйесінің құрылысы нысананың жобалық сметалық құжаттамасы мемлекеттік сараптамадан өтті. Құбырдың жалпы ұзындығы 4 км-ға жуық. Келесі жылы құрылыс жұмыстары қаржы бөлінісімен қолға алынады. Екіншіден. Ұялы байланыс желісі бойынша Beeline байланыс операторына хат жолданған болатын. Алайда олардан ауылда 1000 тұрғын болмағандықтан, ұялы байланыс жүйесі орнатылмайтыны туралы хат келген болатын. Өзіңіз білесіз, Сарыобалы ауылында 393 адам тұрады. Үшіншіден. Инфрақұрылым бойынша. Жолдың жыл сайын жазғы күтім жұмыстарына қаражат бөлініп, уақытылы жұмыстар жүргізіледі. Ал Сарыобалы ауылында электр қуаты бойынша қазіргі уақытты ешқандай шағымдар жоқ. Ол ауылда тұрақты электромонтер тұрады. Апаттық жағдай орын алса, дер кезінде жөндеу жұмыстарын жүргізеді. Сұрағыңызға рақмет!