Қарағанды облысының инфрақұрылымдық дамуы
«Қарағанды облысының инфрақұрылымдық дамуы» тақырыбында интернет-конференция өтетін болады. Пайдаланушылардың сұрақтарына Қарағанды облысының әкімі Ерлан Жақанұлы Қошанов жауап береді.
- Сұрақтар: 9
- Жауаптар: 9
- 18.09.2019, 15:00
- 18.09.2019, 18:00
Қамбар Серік 18.09.2019, 16:01, Сұрақ нөмірі: 8631
Мен Қарағанды обл Шет ауданы Ақжал кентінің ардагерлер алқасы төрағасы Қамбар Серік. Құрметті облыс әкімі Ерлан Қошанов мырза! Бұл сізге жетпей-ақ шешілетін шаруа еді. Бірақ та бюрократтық чиновниктердің қызметіне жауапсыздық қарағандықтан еріксіз сізге қойылып отыр. Қарағанды облыстық телекоммуникация басшысы Лялин Егор Юрьевичке 1жылдан аса барып, кіре алмай, жоқ деген сылтаумен , сол сияқты облыстық зейнетақы қызметкерлерінің орынсыз сұрақтарынан шаршағандықтан, сұрағымды сізге қоюға тура келіп отыр. Бізде міндетті түрде облыс әкімдігі немесе Президентке жазу керек па? Сонда ол чиновниктер не ушин отыр? Мен 1947жылы туғанмын.1965 жылдан 1999жылға дейін почта Қазақтелеком саласында еңбек еттім, 1999жылдан 2019жылға дейін Қазақтелекомның переговорный пунктін ашып, келісімшартпен жұмыс істедім. 2-топтағы бала кезден бессрочный деген дәрігерлер сараптамасы бар мүгедекпін.Сол себепті 2018 жылы тиісті заңды зейнеткнрлікке шығуға өтініш бердім.Әңгіменің бәрі осыдан басталды.мен қызмет атқарған Ағадыр телекоммуникациясы, одан кейінгі Шет Телекомы , Жезқазған облысы Қарағанды облысы мекемелері өз орнында.Зейнеткерлікке шығарда менің трудовой книжкам мекемеден жоқ болып шықты.Мен алған жоқпын.Менімен бірге істеген азаматтар осы мекемеде отыр.Дауласып жүріп бірге істеген мекеме басшыларымен Ағадыр соты арқылы еңбек өтілімі( стаж) 35жылдан аса рас деген сот үкімі шықты. Міне осы уақытта тағайындаған зейнетақым 35жылдан аса стажға есептелді.Ал еңбекақыңыз жоқ деген сылтаумен зейнетақым толық есептелмей отыр.Ол үшін маған жалақы мөлшерін тауып әкел, сол кезде толық есептейміз дейді. Сонда соттың шығарған үкімі заңсыз ба?Айтатын сылтаулары трудкнижкаңызды бир аудан екиншисине өткізбеген.Оған менің кінәм не? Осыған көмегіңізді сұраймын.Өзіңізден хабар күтемін! Болмаса президентке обращение жасаймын!Әділ шешім күтемін!
Қарағанды облысы 18.September.2019, 18:12
Құрметті Қамбар Серік! «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясының ұсынған мәліметі бойынша, Сіз 1965 жылғы қаңтардан 1970 жылғы 31 тамызға дейін «Қарабұлақ» шаруашылығында жұмыс істегенсіз. 1970 жылғы 1 қыркүйектен 1971 жылғы 1 тамызға дейін Қарағанды қаласындағы №140 кәсіптік-техникалық училищеде оқығансыз. 1971 жылғы 2 тамыздан бастап 1997 жылғы 31 желтоқсанға дейін «Қарабұлақ» шаруашылығында жұмыс істегенсіз. Сіздің еңбек кітапшаңызда 1970 жылғы 1 қыркүйектен 1971 жылғы 28 тамызға дейін мәліметтер келтірілген, жұмысыңыз туралы бұдан басқа жазба жоқ. Зейнетақы көлемін қайта есептеу мәселесі бойынша «Қазақтелеком» бөлімшесінде жұмыс істеген кезеңіңіз үшін Сізге сол ұйымнан бекітілген форма бойынша табысыңыз туралы анықтама алу қажет. Яғни, ұйымда бекітілген форма бар, архивті көтеріп, көшірмесін аласыз. Ол үшін еңбек кітапшасын іздеудің қажеті жоқ.