Департамент қызметінің негізгі бағыттары туралы
Интернет-конференция барысында азаматтар жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу, жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша сұрақтарын жолдап, Департаменттің жұмысын одан әрі жандандыру бойынша ұсыныстарымен бөлісе алады
- Сұрақтар: 4
- Жауаптар: 4
- 20.09.2019, 15:00
- 20.09.2019, 17:00
Қадырбек Бекжан 20.09.2019, 16:08, Сұрақ нөмірі: 8642
Құрметті Әділхан Әшірбайұлы! Сізден сұрайын дегенім, әкімдіктердің ашықтығын қамтамасыз ету және халықпен қарым-қатынас орнату бойынша біздің облыста қандай жұмыстар атқарылуда?
Жамбыл облысы 20.September.2019, 16:30
Құрметті Қадырбек Бекжан! Мемлекеттік мекемелердің жұмысында ашықтық орнату және азаматтармен тығыз қарым-қатынас арқылы жұмыс істеп кері байланысты нығайту мақсатында «Жамбыл – адалдық алаңы» жобасы аясында облыста «Open space» яғни ашық кеңістік форматындағы кеңселер ашылып, «Сервистік әкімдіктер» мен «Фронт-офистер жұмыс істей бастады. Бүгінгі таңда мұндай кеңселер мен мекемелердің жалпы саны 20-ға жетті. Одан бөлек 133 мекеменің бірінші басшылары бірінші қабатқа көшті. Бұл бағыттағы жұмыс алдағы уақытта жалғасатын болады.