Департамент қызметінің негізгі бағыттары туралы
Интернет-конференция барысында азаматтар жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу, жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша сұрақтарын жолдап, Департаменттің жұмысын одан әрі жандандыру бойынша ұсыныстарымен бөлісе алады
- Сұрақтар: 4
- Жауаптар: 4
- 20.09.2019, 15:00
- 20.09.2019, 17:00
Тилеукеев Талгат 20.09.2019, 16:49, Сұрақ нөмірі: 8644
Нұр-Сұлтан қаласында «Ашық бюджеттердің интерактивті картасы қосылып, жұмыс істеп тұр. Осы карта бүкіл республика бойынша енгізілу керек дейді. Біздің облысымызда «Ашық бюджеттердің интерактивті картасы қашан қосылады?
Жамбыл облысы 20.September.2019, 17:00
Мемлекет бюджетінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған «Ашық бюджеттердің интерактивті картасы» елімізде алғаш рет ағымдағы жылы Нұр-Сұлтан қаласында іске қосылып жұмыс істеуде. Бұл жоба осы жылы барлық өңірлерде қосылмақ. Бізде қазіргі күні 1085 мекеме осы карта бойынша деректерін базаға енгізіп қойды, қазіргі уақытта бюджеттерін салу жұмыстарын жүргізуде. Ағымдағы жылдың қазан айында кесте бойынша облыстың жергілікті атқарушы органдарын осы картаға енгізу жоспарда бар.