2019 жылы ауыл шаруашылығы саласына көрсетілетін мемлекеттік қолдаулар
«2019 жылы ауыл шаруашылығы саласына көрсетілетін мемлекеттік қолдаулар» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Қ.Д.Ысқақовтың қатысуымен өтетін интернет-конференция
- Сұрақтар: 7
- Жауаптар: 7
- 26.09.2019, 10:00
- 26.09.2019, 17:00
Абилбашаров Тимур 26.09.2019, 10:22, Сұрақ нөмірі: 8650
Ассалаумағалейкум, Қуанышбек Досмайылұлы! Мен мал шаруашылығымен айналысып отырған шаруамын. Шаруашылығымды кеңейту үшін шет елден асыл тұқымды ірі қара әкелуге ниеттімін. Қазіргі таңда шет елден әкелінген мүйізді ірі қара малдарына субсидия берілетін көрінеді? Осы бойынша толық мәлімет білгім келеді.
Қызылорда облысы 26.September.2019, 11:00
Сәлеметсіз бе, Тимур! 2018 жылдан бастап Ауыл шаруашылығы министрлігі тарапынан ұзақ мерзімді етті мал шаруашылығын дамытуға сәйкес «Сыбаға» бағдарламасы қабылданды. Бағдарлама аясында шаруалар жеңілдетілген несиелер алып немесе өз қаражаты есебінен шет елден асыл тұқымды мүйізді ірі қара малын әкелуіне болады. Аталған бағдарламаға сәйкес бүгінгі күні 8 шаруашылық шет елден 967 бас асылтұқымды мүйізді ірі қара аналығын облысқа жеткізіп, әр аналық басына 225000 теңгеден субсидия алды. Сонымен қатар, жыл сайын асыл тұқымды мүйізді ірі қара аналығына селекциялық асыл тұқымдық жұмыс жүргізгені үшін әр мал басына 20 000 теңгеден субсидиялау қарастырылған. Ісіңізге береке тілеймін!