2019 жылы ауыл шаруашылығы саласына көрсетілетін мемлекеттік қолдаулар
«2019 жылы ауыл шаруашылығы саласына көрсетілетін мемлекеттік қолдаулар» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Қ.Д.Ысқақовтың қатысуымен өтетін интернет-конференция
- Сұрақтар: 7
- Жауаптар: 7
- 26.09.2019, 10:00
- 26.09.2019, 17:00
Сулейменов Олжас 26.09.2019, 10:47, Сұрақ нөмірі: 8651
Қайырлы күн, Қуанышбек Досмайылұлы! Менің білгім келгені жыл сайын науқан уақытысында жанар-жағар майдың тапшы немесе қымбаттап кететінін байқап жүрміз. Осы ретте шаруашылықтарға жанар-жағар майдың жеткізілуі, қамтамасыз етілуі қалай?
Қызылорда облысы 26.September.2019, 11:17
Қайырлы күн, Олжас! Облыста күзгі егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін мемлекет тарапынан 16 мың тонна арзандатылған дизель отыны бөлініп отыр. Дизель отынын жеткізіп беруші операторлар «Нефть-Транс Қызылорда» және «РК-Мұнай» серіктестіктері белгіленіп, ауыл шаруашылығы құрылымдарына әр литрін 178 теңгеден жеткізуде. Қазіргі уақытта, операторлармен тамыз айына қаралған 4,6 мың тонна дизель отыны облысқа толық жеткізіліп, оның 550 тоннасы шаруашылықтарға таратылса, қыркүйек айына бөлінген 5,2 мың тонна дизель отынына операторлар зауытпен келісім шартқа отырып, 1,7 мың тоннасының қаржысы аударылды. Егін жинау жұмыстары барысында жанар-жағар май бойынша ешқандай мәселе болмайды деп санаймын. Облыс бойынша күріш және басқа да дақылдарды жинау жұмыстары қарқынды жүргізілуде.