2019 жылы ауыл шаруашылығы саласына көрсетілетін мемлекеттік қолдаулар
«2019 жылы ауыл шаруашылығы саласына көрсетілетін мемлекеттік қолдаулар» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Қ.Д.Ысқақовтың қатысуымен өтетін интернет-конференция
- Сұрақтар: 7
- Жауаптар: 7
- 26.09.2019, 10:00
- 26.09.2019, 17:00
Абдихаликов Айдос 26.09.2019, 14:13, Сұрақ нөмірі: 8655
Қайырлы күн! Қой малын өсіріп отырған шаруа қожалықтарға қой етін субсидиялауға байланысты мемлекеттен қандай қолдаулар бар?
Қызылорда облысы 26.September.2019, 16:11
Қайырлы күн, Айдос! Қой шаруашылығын қолдау мақсатында «Сыбаға» бағдарламасы төңірегінде қой өсіруге мемлекеттен жеңілдетілген несие қарастырылған. Сондай-ақ, несие немесе өз қаржысы есебінен сатып алынған асыл тұқымды қой малына - 8000 теңгеден, асыл тұқымды селекциялық жұмысына тауарлы қой малының аналығына - 1500 теңгеден, асыл тұқымды қой малының аналығына - 2500 теңгеден субсидия төленеді. Сонымен қатар, қозы еті өнімінің өнімділігін арттыру мақсатында өткізілген қозының әр басы 3000 теңгеден субсидияланады. Бұл ретте, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің мал шаруашылығын субсидиялау қағидасына сәйкес шаруа қожалық он бес айдан аспаған қозыларын арнайы комиссияның қорытындысы бар мамандандырылған ет комбинатында немесе қуаты ауысымына 200 бас сою пункттерінде сою немесе тірідей операторға өткізу қажет.