2019 жылы ауыл шаруашылығы саласына көрсетілетін мемлекеттік қолдаулар
«2019 жылы ауыл шаруашылығы саласына көрсетілетін мемлекеттік қолдаулар» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Қ.Д.Ысқақовтың қатысуымен өтетін интернет-конференция
- Сұрақтар: 7
- Жауаптар: 7
- 26.09.2019, 10:00
- 26.09.2019, 17:00
Сәулебек Қанат 26.09.2019, 14:46, Сұрақ нөмірі: 8656
Қайырлы күн! Агроөнеркәсіп кешен саласында қандай жаңа технологиялар енгізіліп жатыр? Осы жөнінде білгім келеді
Қызылорда облысы 26.September.2019, 16:14
Қайырлы күн! Облыстың агроөнеркәсіптік кешен саласында инновациялық жобаларды іске асыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Осыған сәйкес мемлекет тарапынан жергілікті бюджеттен «Инновациялық тәжірибені тарату және енгізу жөніндегі қызметтер» бағдарламасы жүзеге асырылуда. Бағдарламаның басты мақсаты - ғылыми негізделген жаңа технологиялар мен инновациялық жобаларды өндіріске енгізу және әрі қарай кеңінен тарату. Қазіргі таңда күріш кластерін дамыту мақсатында осы бағдарлама аясында отандық жаңа сорттарды (Сыр сұлуы, АйКерім, Салима және т.б.) егу және өндіріске енгізу жұмыстары жүргізілуде. Соңғы 3 жылда барлығы 22 жоба, оның ішінде егіншілік және өсімдік қорғау саласы бойынша 6, тұқым шаруашылығы саласы бойынша 3, мал шаруашылығы саласы бойынша 11 және өңдеу саласы бойынша 2 инновациялық жобалар өндіріске енгізілді. Бүгінгі таңда АӨК саласында 9 инновациялық жоба (жылына 5 мың тонна ет өндіретін халықаралық стандартқа сай ет комбинаты, 1000 бастан жоғары 2 ірі мал бордақылау алаңдары, 1500 тонна құс етін өндіретін құс фабрикасы, 1200 бастық сүт өндіру кешені, 3 шағын сүт тауарлық фермасын кеңейту, 2,2 га автоматтандырылған жылыжай кешені) іске асырылуда.