Мемлекеттік қызметке іріктеу, түсу және өткеру, сондай-ақ персоналды мотивациялау және дамыту, Президенттік жастар кадр резервіне іріктеуге және мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапасын бақылауға қатысты мәселелері
«Мемлекеттік қызметке іріктеу, түсу және өткеру, сондай-ақ персоналды мотивациялау және дамыту, Президенттік жастар кадр резервіне іріктеуге және мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапасын бақылауға қатысты мәселелері» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасы А.Н.Жаилғанова жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 37
- Жауаптар: 37
- 26.09.2019, 15:00
- 26.09.2019, 17:00
Коздигарин Берик 26.09.2019, 15:06, Сұрақ нөмірі: 8660
Президенттік жастар резерві жастар үшін жақсы мүмкіндік! Осы резервке өткен жастар үшін оқыту курстары қарастырылған ба? Тренерлер кімдер болады? Рахмет.
Жаңабергенова Аида 26.09.2019, 16:58
Резервке өткен жастар үшін арнайы оқыту курстары қарастырылады. Бұл курстар жастардың біліктілігін одан әрі нығайтуға бағытталады. Аталған курстарға тренерлер ретінде жоғары білікті мамандандырылған эксперттер шақырылады. Курстар Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясында өткізіледі.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 26.September.2019, 17:16