Мемлекеттік қызметке іріктеу, түсу және өткеру, сондай-ақ персоналды мотивациялау және дамыту, Президенттік жастар кадр резервіне іріктеуге және мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапасын бақылауға қатысты мәселелері
«Мемлекеттік қызметке іріктеу, түсу және өткеру, сондай-ақ персоналды мотивациялау және дамыту, Президенттік жастар кадр резервіне іріктеуге және мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапасын бақылауға қатысты мәселелері» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасы А.Н.Жаилғанова жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 37
- Жауаптар: 37
- 26.09.2019, 15:00
- 26.09.2019, 17:00
Гаухарбекова Макпал 26.09.2019, 15:07, Сұрақ нөмірі: 8661
Салеметсізбе! Менің есімім Гаухарбекова Мақпал Жамбылқызы, Алматы қаласынан. Менің сұрағым - қазір менің еңбек өтілім 5 жылға толмады, сол себептен Президенттік жастар кадрлық резервіне іріктеуге қатыса алмаймын. Келесі іріктеу қашан жүргізілетіні туралы ақпарат беріңізші.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 26.September.2019, 20:07
Құрметті Мақпал Жамбылқызы! Жастар жылының аясында Мемлекет басшысының тапсармасына сәйкес Елімізде алғашқы рет Президенттік жастар кадр резервін қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Іріктеу қағидалары Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 27 тамыздағы № 141 Жарлығымен бекітілген. Ұлттық комиссия кандидаттарды бес жыл мерзімге резервке алу туралы шешім шығарады. Жастар кадр резервін болашақта жасақтау Қазақстан Республикасы Президентінің құзыретінде екенін атап өтеміз.