Мемлекеттік қызметке іріктеу, түсу және өткеру, сондай-ақ персоналды мотивациялау және дамыту, Президенттік жастар кадр резервіне іріктеуге және мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапасын бақылауға қатысты мәселелері
«Мемлекеттік қызметке іріктеу, түсу және өткеру, сондай-ақ персоналды мотивациялау және дамыту, Президенттік жастар кадр резервіне іріктеуге және мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапасын бақылауға қатысты мәселелері» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасы А.Н.Жаилғанова жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 37
- Жауаптар: 37
- 26.09.2019, 15:00
- 26.09.2019, 17:00
Кырымкулова Асыл 26.09.2019, 15:27, Сұрақ нөмірі: 8672
Менім інім Жогары оку орнында Университетте магистратура білімін алу үстінде - 2 курс. Сабағы кешкі сағат 7 ден түнгі 10га дейін, степендия алады 50мындай. Оның үстінде інімде "Б" корпусының мемлекеттік қызметшілерге арналған тесттің 2 бағдарламасы бойынша сертификаты бар.Сұрағым: күндізгі уақытта бос, әрі мемлекеттік қызметте қызмет атқаруға ниеті болуына байланысты. Інім осы оқуында оқып жүріп, мемлекеттік қызметке орналаса ала ма? немесе оқуын аяқтап барып, мемлекеттік қызметке орналасу міндет пе? сабағы кешкілік уақытта.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 26.September.2019, 20:21
Құрметті Асыл Кырымкулова! «Білім туралы» Заңның 47-бабы 4-тармағы 2) тармақшасына сәйкес білім алушылар оқудан бос уақытта оқуды жұмыспен ұштастыруға құқылы. Осыған орай, магистратурада оқу мемлекеттік органдарда қызмет атқаруға кедергі болып табылмайды.