Мемлекеттік қызметке іріктеу, түсу және өткеру, сондай-ақ персоналды мотивациялау және дамыту, Президенттік жастар кадр резервіне іріктеуге және мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапасын бақылауға қатысты мәселелері
«Мемлекеттік қызметке іріктеу, түсу және өткеру, сондай-ақ персоналды мотивациялау және дамыту, Президенттік жастар кадр резервіне іріктеуге және мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапасын бақылауға қатысты мәселелері» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасы А.Н.Жаилғанова жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 37
- Жауаптар: 37
- 26.09.2019, 15:00
- 26.09.2019, 17:00
Абдилдаев Аскар 26.09.2019, 15:31, Сұрақ нөмірі: 8675
Қайырлы күн! Эссе жазғанда кемінде неше сөзден тұру керек және әлеуметтік жобаны қорғауға қанша уақыт беріледі?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 26.September.2019, 17:18
Қайырлы күн! Эссе құрылымы 500 сөзден аспауы қажет. Жобаны қорғауға 5 минут уақыт беріледі.