Мемлекеттік қызметке іріктеу, түсу және өткеру, сондай-ақ персоналды мотивациялау және дамыту, Президенттік жастар кадр резервіне іріктеуге және мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапасын бақылауға қатысты мәселелері

«Мемлекеттік қызметке іріктеу, түсу және өткеру, сондай-ақ персоналды мотивациялау және дамыту, Президенттік жастар кадр резервіне іріктеуге және мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапасын бақылауға қатысты мәселелері» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасы А.Н.Жаилғанова жауап беретін болады.

  • Сұрақтар: 37
  • Жауаптар: 37
  • 26.09.2019, 15:00
  • 26.09.2019, 17:00

Таженов Даулетбек 26.09.2019, 15:35, Сұрақ нөмірі: 8677

  • 0

Тест тапсыру үстінде интернет жүйесі істемесе немесе техникалық ақау болған жағдайда, қайта тапсыру мүмкіндігі бар ма?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 26.September.2019, 18:25

Тест тапсыру кезінде әрбір қатысушы интернет желісінің жеткілікті деңгейде болуын қамтамасыз етуі қажет. Интернет желісіне қатысты мәселелер және басқа техникалық ақаулар орын алған жағдайда қатысушыларға тестті қайта тапсыру мүмкіндігі қарастырылмаған.