Мемлекеттік қызметке іріктеу, түсу және өткеру, сондай-ақ персоналды мотивациялау және дамыту, Президенттік жастар кадр резервіне іріктеуге және мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапасын бақылауға қатысты мәселелері

«Мемлекеттік қызметке іріктеу, түсу және өткеру, сондай-ақ персоналды мотивациялау және дамыту, Президенттік жастар кадр резервіне іріктеуге және мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапасын бақылауға қатысты мәселелері» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасы А.Н.Жаилғанова жауап беретін болады.

  • Сұрақтар: 37
  • Жауаптар: 37
  • 26.09.2019, 15:00
  • 26.09.2019, 17:00

Кыдырбаева Галия 26.09.2019, 15:46, Сұрақ нөмірі: 8681

  • 0

Анар Нұралықызы, Президенттік жастар резервіне түскеннен кейін мемлекеттік мекелелерде тағылымдамадан өту мүмкіндігі бар ма? Тәлімгерлер болады ма?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 26.September.2019, 20:06

Құрметті Ғалия Кыдырбаева! Ұлттық комиссияның шешіміне сəйкес резервке алынған адамдар Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымының білім беру бағдарламалары бойынша қысқа мерзімді оқыту курстарынан өте алады. Бұл ретте, Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 27 тамыздағы № 141 Жарлығымен бекітілген Іріктеу қағидаларымен олардың тағылымдамадан өтуі немесе оларға тәлімгерлер ұсыну көзделмеген.