Мемлекеттік қызметке іріктеу, түсу және өткеру, сондай-ақ персоналды мотивациялау және дамыту, Президенттік жастар кадр резервіне іріктеуге және мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапасын бақылауға қатысты мәселелері
«Мемлекеттік қызметке іріктеу, түсу және өткеру, сондай-ақ персоналды мотивациялау және дамыту, Президенттік жастар кадр резервіне іріктеуге және мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапасын бақылауға қатысты мәселелері» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасы А.Н.Жаилғанова жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 37
- Жауаптар: 37
- 26.09.2019, 15:00
- 26.09.2019, 17:00
Жайыкбеков Болысбек 26.09.2019, 15:47, Сұрақ нөмірі: 8684
Сәлеметсізбе Анар Нұралықызы! Менің сұрағым - ҚР Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №156 Жарлығының 7 тармағының 6) тармақшасында "осы ереженің 6-тармағының 7) тармақшасында аталған қызметшілерді лауазымға тағайындау және лауазымнан босату құқығы берілген лауазымды адамдардың қарауына қызметтік әдеп нормаларын бұзғаны, оның ішінде мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар жасағаны үшін оларды тәртіптік жауаптылыққа тарту туралы ұсыныстар енгізуге" құқылы делінген. Яғни 6 тармақтың 7) тармақшасында аталған қызметкерлерге, олар: облыстардың әкімшілік орталықтары болып табылатын қалалардың әкімдеріне, облыстық маңызы бар қалалардың, облыстар аудандарының және қалалардағы аудандардың әкімдеріне, C-O-1, C-O-2, C-R-1, C-R-2, D-1, D-2, D-O-1, D-O-2, E-1, E-2, E-R-1, E-R-2 санаттарындағы мемлекеттік қызметшілерге, сондай-ақ дербес лауазымға орналасқан әдеп жөніндегі уәкілге қатысты істерді қарау - делінген.
Жоғарыдағыларды айта келе, біз жұмыс атқаратын мекеменің 3 қызметкері жіберген кемшіліктеріміз үшін, басшылық тарапынан тиісті шара E-R-4 лауазымындағы 2 маманға қолданып, ал E-R-2 санатындағы қызметкердің ісін Әдеп кеңесінде қарайтындықтан, ұсыныс жіберілген. Алайда Әдеп кеңесі әр түрлі санаттағы қызметкерлердің бірлесіп жасаған істерін неғұрлым жоғары тұрған орган қарайды деп, E-R-4 санатындағы 2қызметкерге тәртіптік жаза қолданып, басшы тарапынан қолданылып қойған шараны қайта дәрежелеуді ұсынып отыр.
Осыған байланысты Сізден сұрарым, Әдеп жөніндегі кеңесте, біз сияқты төменгі лауазымда орналасқан қызметкерлердің істерін қарауға құқылыма немесе ҚР Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №156 Жарлығында көрсетіліп, бекітілген ережемен жұмыс атқаратындығы туралы нұсқама беруіңізді сұраймын. Себебі Әдеп жөніндегі кеңесте біз сияқты төменгі лауазымдағы мамандардың тәртіптік істерін қарайтын болса, ол туралы №156 Жарлықта жазылмағандығы бойынша түсінбестік туындап отыр.
Алдағы уақытта, осы мәселе сияқтылардың алдын-алуға, Сіздің жауабыңыз септігін тигізеді деген ниеттемін. Рахмет! Жұмысыңызға сәттілік!
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 26.September.2019, 17:38
Құрметті Болысбек Жайыкбеков! Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидаларының 26-тармағына сәйкес бiр тәртiптiк іс жүргізудің шеңберінде әртүрлi санаттағы бiрнеше мемлекеттік әкімшілік қызметшiнiң терiс қылықтарын қарау қажет болған жағдайларда, тәртіптік жауаптылықты қызметшiнiң тәртіптік терiс қылықтарын қарау құқығы, неғұрлым жоғары мәртебесі (санаты) бар орган немесе лауазымды адам қарайды. Осыған орай, Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттігінің облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы әдеп жөніндегі кеңестерінде қызметтік әдеп нормаларын бұзуға, оның ішінде мемлекеттік қызметке кір келтiретін тәртіптік теріс қылықтарға жол берген E-R-2 санатындағы мемлекеттік әкімшілік қызметшіге қатысты қозғалған тәртіптік істің аясында осы санаттан төмен мемлекеттік қызметшілердің тәртіптік жауаптылығының қаралуы заңнамаға қайшы келмейді.