Мемлекеттік қызметке іріктеу, түсу және өткеру, сондай-ақ персоналды мотивациялау және дамыту, Президенттік жастар кадр резервіне іріктеуге және мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапасын бақылауға қатысты мәселелері

«Мемлекеттік қызметке іріктеу, түсу және өткеру, сондай-ақ персоналды мотивациялау және дамыту, Президенттік жастар кадр резервіне іріктеуге және мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапасын бақылауға қатысты мәселелері» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасы А.Н.Жаилғанова жауап беретін болады.

  • Сұрақтар: 37
  • Жауаптар: 37
  • 26.09.2019, 15:00
  • 26.09.2019, 17:00

Танербергенова Анар Нурлановна 26.09.2019, 16:00, Сұрақ нөмірі: 8687

  • 0

Сәлеметсіз бе. Менде келесідей сұрақ. Еңбек өтілім 11 жылдай. Оның 8,5 жылы қызмет көрсету саласында болса, 2 жыл мемлекеттік қызметте. Жалпы еңбек өтілім саналады ма? Әлде бір салада 5 жылдан кем емес болуы қажет пе? Рақмет!

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 26.September.2019, 20:14

Құрметті Анар Нұрланқызы! Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 27 тамыздағы № 141 Жарлығымен бекітілген Президенттік жастар кадр резервін қалыптастыру қағидаларының 3-тармағына сәйкес резервке отыз бес жастан аспаған, жоғарғы білімі және бес жылдан кем емес еңбек өтілі бар Қазақстан Республикасының азаматы алынуы мүмкін. Осыған орай, жалпы еңбек өтіліңіз бес жылдан кем емес және жоғарыда аталған талаптарға сәйкес болған жағдайда Сіз кадрлық резервке іріктеуге қатыса аласыз.