Мемлекеттік қызметке іріктеу, түсу және өткеру, сондай-ақ персоналды мотивациялау және дамыту, Президенттік жастар кадр резервіне іріктеуге және мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапасын бақылауға қатысты мәселелері
«Мемлекеттік қызметке іріктеу, түсу және өткеру, сондай-ақ персоналды мотивациялау және дамыту, Президенттік жастар кадр резервіне іріктеуге және мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапасын бақылауға қатысты мәселелері» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасы А.Н.Жаилғанова жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 37
- Жауаптар: 37
- 26.09.2019, 15:00
- 26.09.2019, 17:00
Еділқызы Гүлнұр 26.09.2019, 16:15, Сұрақ нөмірі: 8689
Егер резервке іріктелген азаматқа ұсынылған қызметтен бас тартса, ол азаматқа екінші рет қызмет ұсынылады ма?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 26.September.2019, 20:11
Құрметті Гүлнұр! Ұсынылатын лауазымдарға тағайындау резервке алынған адамдардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен өзге де адамдардың қатарынан жүзеге асырылады. Сонымен қатар, резервке іріктелген азаматқа тек бір ғана лауазым ұсыну бойынша шектеу қойылмаған.