Мемлекеттік қызметке іріктеу, түсу және өткеру, сондай-ақ персоналды мотивациялау және дамыту, Президенттік жастар кадр резервіне іріктеуге және мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапасын бақылауға қатысты мәселелері
«Мемлекеттік қызметке іріктеу, түсу және өткеру, сондай-ақ персоналды мотивациялау және дамыту, Президенттік жастар кадр резервіне іріктеуге және мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапасын бақылауға қатысты мәселелері» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасы А.Н.Жаилғанова жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 37
- Жауаптар: 37
- 26.09.2019, 15:00
- 26.09.2019, 17:00
Еркінқызы Гауһар 26.09.2019, 16:19, Сұрақ нөмірі: 8692
Сәлеметсіз бе, құрметті Анар Нұралықызы!
Мен әртүрлі жеке компанияларда қаржы саласында жұмыс жасадым. Алайда басшылық қызмет атқармадым. Тек орындаушылық қызметте болдым, жалпы жұмыс өтілім 13 жыл. Мемлекеттік қызмет жайлы жақсы хабарым жоқ. Алайда барлық кезеңнен сәтті өтіп, Президенттік резервке алынған жағдайда менің кандидатурамды министр, әкім лауазымдарына қарастыруы мүмкін бе?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 26.September.2019, 20:12
Құрметті Гауһар Еркінқызы! Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 27 тамыздағы № 141 Жарлығына сәйкес резервке алынған адамдар мынадай лауазымдар топтарына орналаса алады: Қазақстан Республикасының министрлері, олардың бірінші орынбасарлары мен орынбасарлары; облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдерінің бірінші орынбасарлары мен орынбасарлары; орталық атқарушы органдар комитеттерінің төрағалары; ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар басқармаларының төрағалары және мүшелері. Осыған орай, резервке алынған жағдайда Сіздің кандидатураңыз жоғарыда аталған лауазымдарға қарастырылу мүмкін.