Қазақстан ғарыш саласының даму перспективасы мен қазіргі ахуалы

«Қазақстан ғарыш саласының даму перспективасы мен қазіргі ахуалы» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Аэроғарыш комитетінің төрағасы Б.Ж. Оралмағамбетов жауап береді

  • Сұрақтар: 3
  • Жауаптар: 3
  • 07.10.2019, 09:00
  • 07.10.2019, 11:00

Жумаханова Назерке 07.10.2019, 10:13, Сұрақ нөмірі: 8711

  • 0

2018 жылдың қараша айында британдықтармен бірге Қазақстанның іске қосқан Falcon 9 зымыранымен ұшырылған наноспутниктері жұмыс істеп тұр ма және қандай да бір пайда әкеле ме?

ҚР Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі 07.October.2019, 10:34

KazSTSat технологиялық мақсаттағы ғарыш аппараты өткен жылдың желтоқсанында Falcon 9 зымыран-тасығышында ұшырылды. Қазақстандық мамандар оны тәжірибелік пайдалануға енгізу бойынша барлық қажетті сынақтарды жүргізді. Жүйе штаттық режимде жұмыс істейді, жүйенің барлық жоспарланған сипаттамалары расталды. Бүгінгі күні ғарыш аппараты 45 млн.шаршы км жерді түсірді. KazSTSat-тан алынған суреттерді ауылшаруашылығы саласындағы Қазақстан аумағының ғарыштық мониторингі, төтенше жағдайлар мониторингі, сондай-ақ жерді мақсатты пайдалану бағдарламаларында 2020 жылы пайдалану жоспарланып отыр. Айтакету керек, технологиялық мақсаттағы ғарыш жүйесін құрудың негізгі мақсаты ғарыш жүйелері мен құрауыштарын жобалау, өндіру, құрастыру және сынау технологияларын пысықтау болып табылады. Бұл жобаның технологиялық нәтижелері ғарыштық байланыс және хабар тарату және Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйелерін алмастыру жөніндегі болашақ жобаларда пайдаланылатын болады, бұл өз кезегінде ғарыш жүйелері деректерінің құнын айтарлықтай төмендетуге және перспективалы ғарыш аппараттарын өндіру кезінде қазақстандық қамтуды ұлғайтуға мүмкіндік береді.