Қазақстан ғарыш саласының даму перспективасы мен қазіргі ахуалы

«Қазақстан ғарыш саласының даму перспективасы мен қазіргі ахуалы» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Аэроғарыш комитетінің төрағасы Б.Ж. Оралмағамбетов жауап береді

  • Сұрақтар: 3
  • Жауаптар: 3
  • 07.10.2019, 09:00
  • 07.10.2019, 11:00

Жумаханова Куралай Ержановна 07.10.2019, 10:36, Сұрақ нөмірі: 8713

  • 0

Ғарыштық кадрларды әзірлеу үшін қандай қазақстандық ЖОО-мен ынтымақтастық орнаттыңыз?

ҚР Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі 07.October.2019, 10:54

Ғылымды көп қажетсінетін ғарыш саласының дамуы кадрлық потенциалына (сан және сапа жағынан) тікелей байланысты. Ғарыш саласына мамандарды әзірлеу үшін келесі негізгі отандық жоғары оқу орындары айқындалды: Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті; Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті; Қ.И. Сатпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті; Алматы энергетика және байланыс институты; Азаматтық авиация академиясы. Жоғары аталған ЖОО-да ғарыш саласы үшін кадрларды әзірлеу келесі мамандықтар бойынша жүзеге асырылуда: «Ұшу аппараттары мен қозғалтқыштарды ұшу эксплуатациялау», «Авиациялық техника және технологиялар», «Ғарыш техника және технологиялар».