«Дінтану сараптамасын жүргізу» мемлекеттік қызмет көрсету туралы
Дінтану сараптамасын жүргізу қағидалары, объектілері мен субъектілері және дінтану сараптамасын жүргізу тәртібі мен шарттары
- Сұрақтар: 9
- Жауаптар: 9
- 09.10.2019, 15:00
- 09.10.2019, 17:00
Абдраманов Жасулан 09.10.2019, 16:11, Сұрақ нөмірі: 8732
Сіздерден дінтану сараптамасынан оң немесе теріс қорытынды алған діни әдебиеттердің тізімін қайдан алуға болады? Дінтану сараптамасынан өткен діни материалдардың ортақ қоры жасақталған ба?
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі 09.October.2019, 16:48
Сәлеметсіз бе! Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы №162 бұйрығымен бекітілген Дінтану сараптамасын жүргізу қағидаларының 16-тармағына сәйкес дінтану сараптамасынан өткен нысандар, соның ішінде әдебиеттер, діни мазмұндағы материалдардың тізімі Уәкілетті органның ресми сайтында жарияланады. Осыған орай, Сіз аталмыш тізіммен уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында (qogam.gov.kz) және Ашық деректер порталында (https://data.egov.kz) таныса аласыз.