Сыбайлас жемқорлық көріністеріне нөлдік төзбеушілік стандарттарын қалыптастыру туралы
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) интернет-конференциясы
- Сұрақтар: 14
- Жауаптар: 14
- 09.10.2019, 15:00
- 09.10.2019, 22:00
Қадырбек Бекжан 09.10.2019, 16:35, Сұрақ нөмірі: 8733
Құрметті Алик Жатқамбайұлы! Соңғы уақытта өңірлердегі адалдық алаңы жобалық кеңселерінің тиімділігі артып, халық тарапынан кеңінен қолдауға ие болып отырғанын көрудеміз. Тұрмыстық жемқорлықты жоюға бағытталған адалдық алаңы жобалық кеңселері арқылы көптеген азаматтардың жылдар бойы қордаланып, шешімін таппай келген мәселелері өз шешімін табуда. Осы орайда сұрайын дегенім, адалдық алаңы жобасы қанша жылға арналған? келесі жылы жалғасын табады ма?
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) 09.October.2019, 21:27
Құрметті Қадырбек Бекжан, жобалық басқару қағидаттарына сәйкес жүзеге асырылатын республикалық «Адалдық алаңы» жобасы 2018-2019жж. арналған болатын. Алайда, қоғамдағы белсенді азаматтар мен жергілікті мемлекеттік органдардың бірлесе атқарған жұмысының нәтижесінде әлеуметтік мәселелер өз шешімін тауып, халықтың мемлекеттік органдарға сенімі жоғарылады. Осыған орай, алдағы уақытта қоғамдағы тұрмыстық сыбайлас жемқорлықтың түбегейлі жойылуы мен азаматтарға қолайлы орта құрудағы қарқынды жұмыс міндетті түрде жалғастырылатын болады.