Сыбайлас жемқорлық көріністеріне нөлдік төзбеушілік стандарттарын қалыптастыру туралы
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) интернет-конференциясы
- Сұрақтар: 14
- Жауаптар: 14
- 09.10.2019, 15:00
- 09.10.2019, 22:00
Байгабылов Еркин 09.10.2019, 17:30, Сұрақ нөмірі: 8737
Алик Жатқамбайұлы! Сыбайлас жемқорларлықты жою оңай емес екенін білемін, бірақ қазіргі таңда қаланың мектептерінде мамандық бос болсада жұмысқа қабылдамайды, ақша талап етеді, 200-300 мың теңге. Осыларға қалай тұсау салуға болады, саусақтарын шабатын қылып заң шығарса екен.
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) 09.October.2019, 20:32
Құрметті Еркін! Қойған сұрағыңызға рахмет. Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Сіз көтеріп отырған білім беру саласындағы өзекті мәселелерді үнемі өз назарында ұстап, тиісті іс-шараларды жүзеге асыруда. Бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлық жасағаны үшін қылмыстық заңнамамен лауазымды тұлғаларға және азаматтарға қатысты қатаң жауапкершілік белгіленген. Мәселен, пара беру фактілері бойынша оны алған лауазымды тұлға 15 жылға дейін бас бастандығынан айыру арқылы сотталуы мүмкін. Бұдан басқа, аса айтып өтетін мән-жай,пара берген және парақорлыққа делдал ретінде болған азаматтарға да ұқсас қатаң қылмыстық жауапкершілік белгіленген. Оларға тиісінше 15 жылға дейін және 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі шара қолдану қарастырылған. Сонымен қатар, егер Сіздің мектепке жұмысқа тұру үшін лауазымды тұлғалармен ақшалай заңсыз сыйақы талап ету туралы нақты ақпарат болған жағдайда (нақты мектептептің атауы, ақша талап еткен қызметкерлер немесе мектеп директоры), Сыбалайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне арыз беруге құқығыңыз бар. Арызды дәстүрлі жазбаша хатпен немесе біздің Агенттікке орталықтандырылған 1424 нөмері бойынша Call-орталығына жүгіне аласыз. Нақты ақпарат түсіп, көрсетілген фактілер анықталған жағдайда, заңмен көрсетілген тиісті тексеріс жүргізілетін және біздің тарапымыздан тиісті шара қолданылатын болады.