Қазақстан телекоммуникация саласының даму перспективасы және қазіргі ахуалы
«Қазақстан телекоммуникация саласының даму перспективасы және қазіргі ахуалы» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің төрағасы В.В. Ярошенко жауап береді.
- Сұрақтар: 3
- Жауаптар: 3
- 11.10.2019, 09:00
- 11.10.2019, 11:00
Егизбаева Асел Калжановна 11.10.2019, 09:31, Сұрақ нөмірі: 8741
Сәлеметсіз бе! Соңғы уақытта 5G байланысы туралы көп айтылуда. Қазақстанға 5G стандартындағы байланыс қашан келеді?
ҚР Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі 11.October.2019, 09:58
Қайырлы күн, Асел! 2019 жылы байланыс операторлары бірнеше рет Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында 5G технологиясын тестілеу жұмыстарын жүргізді. Қазір Шымкент қаласында жүргізілуде. Жалпы, еліміз 5G технологиясын енгізуге дайын деп айтуға болады. Осы жылдың қазан-қараша айларында өтетін Бүкіләлемдік радиобайланыс конференциясында 5G технологиясының стандарты қабылданып, жиіліктік диапазоны анықталуы керек. Осылайша, 2021 жылдың аяғына дейін Нұр-Сұлтан қаласында Назарбаев университеті мен ЭКСПО, ал 2022 жылы әуежай, вокзал, сауда орындары секілді алаңдарда 5G технологиясын енгізу жоспарлануда. Ал, 2023 жылдан бастап барлық облыс орталықтарында енгізілетін болады.