Қазақстан телекоммуникация саласының даму перспективасы және қазіргі ахуалы
«Қазақстан телекоммуникация саласының даму перспективасы және қазіргі ахуалы» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің төрағасы В.В. Ярошенко жауап береді.
- Сұрақтар: 3
- Жауаптар: 3
- 11.10.2019, 09:00
- 11.10.2019, 11:00
Айтымова Дина 11.10.2019, 10:49, Сұрақ нөмірі: 8744
Байланыс сапасы неге нашар, мысалы, Елордамызда?
ҚР Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі 11.October.2019, 10:57
Біздің Телекоммуникациялар комитетіміз байланыс сапасына үнемі мониторинг, арнайы тексерулер жүргізіп, оның нәтижесін байланыс операторларына жолдап отырады. Егер проблемалар болса, соны шешуді ұсынады. Сондай-ақ, азаматтардан шағым келіп түссе, жоспардан тыс тексеру жүргізіледі. Операторлар берілген ескертулер бойынша жұмыс жүргізбеген жағдайда, оларға айппұл салынады. Мысалы, биыл, 10 айдың ішінде КаР-Телге 4 рет (400 АЕК), Кселге 2 рет (150 АЕК) және Мобайл-Телеком сервиске 2 рет айыппұл (100 АЕК) салынды. Нұр-Сұлтан және Орал қалаларында байланыс сапасына қатысты тұрғындардың шағымдары бойынша тексерулер жүргізілді. Тағы бір мәселе, операторлар өздерінің базалық станцияларын қажет жерге орната алмайды. Біз бұл проблеманы Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігімен бірлесіп шешудеміз. Қазір Жол картасын бекіттік. Енді сол бойынша Нұр-Сұлтанда қосымша 50 базалық станция орнатылады. Бұл байланыс сапасын жақсартуға әсер етпек.