Ауыл шаруашылығының дамуы

«Ауыл шаруашылығының дамуы» тақырыбында интернет-конференция. Пайдаланушылардың сұрақтарына Алматы облысы ауыл шаруашылығы басқармасының қызметкерлері жауап береді.

  • Сұрақтар: 3
  • Жауаптар: 3
  • 16.10.2019, 10:00
  • 16.10.2019, 16:00

Тышканбаева Анса 16.10.2019, Сұрақ нөмірі: 8755

  • 0

2018 жыл мен 2019 жылға қант қызылшасының көлемі қанша гектарға жеткізілді. 2020 жылға қант қылшасының көлемін қанша гектарға жеткізуді жоспарлап отырсыз.

Алматы облысы 16.10.2019

2018 жылы 11,2 мың гектардан 441,5 мың тонна өнім жиналды. Биылғы жылы 14,0 мың гектардан 576,7 мың тонна тәтті түбір жинау жоспарда, яғни 2,8 мың гектарға ұлғайды. 2020 жылға қант қылшасының көлемін 15,4 мың гектарға жеткізіп, 632,2 мың тонна өнім алу жоспарда.