Ауыл шаруашылығының дамуы
«Ауыл шаруашылығының дамуы» тақырыбында интернет-конференция. Пайдаланушылардың сұрақтарына Алматы облысы ауыл шаруашылығы басқармасының қызметкерлері жауап береді.
- Сұрақтар: 3
- Жауаптар: 3
- 16.10.2019, 10:00
- 16.10.2019, 16:00
Елубаева Алия 16.10.2019, Сұрақ нөмірі: 8757
Облыс көлемінде ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін арттыру мақсатында ірі қара мал бордақылау алаңдарын құру бойынша қандай жұмыстар атқарылуда?
Алматы облысы 16.October.2019, 14:40
Облыс бойынша ірі қара мал бордақылайтын 100 мал бордақылау алаңдары бар, қуаттылығы 68 350 бас, 25 223 бас нақты бордақылануда. 2019 жылға 2 мал бордақылау алаңдарын салу жоспарланған. Ағымдағы жылы Панфилов ауданындағы "Есенбай" ЖК 600 басқа және Еңбекшіқазақ ауданындағы «Бест Мит» ЖШС 1000 басқа арналған мал бордақылау алаңдарын іске қосты. Одан бөлек, Панфилов ауданындағы "Ернар" ШҚ 1000 басқа арналған бордақылау аландарын құру жұмыстары жүргізілуде. 2020 жылға Қаратал ауданындағы "Аскар" ШҚ 3000 басқа, Балқаш ауданындағы «Бекбауыр» ЖШС 1000 басқа арналған бордақылау аландарын салу жоспарлауда. Облыс бойынша сиыр етін экспорттау жоспары 2000 тонна. Барлығы 5855,8 тонна ет экспортталды, соның ішінде сиыр еті – 1350 тонна, қой еті – 205,5 тонна, жылқы еті – 41,3 тонна, құс еті 4259 тонна. Бүгінгі күні 1350 тонна ет экспортталды (Ресей Федерациясына, Қырғыстан Республикасына, Иранға, Түркияға және Қытайға). Қазіргі уақытта Алакөл ауданындағы «Архарлы Майбүйрек» ЖШС 175 тонна ірі қара мал етін Қырғыстан Республикасына эскпорттауға жұмыстар жүргізіліп жатыр.