Батыс Қазақстан облысы бойынша жер заңнамасының сақталуы мәселелері туралы

Басқарма басшысы М.А.Өмірәлиевтің қатысуымен интернет - конференция

  • Сұрақтар: 1
  • Жауаптар: 1
  • 18.10.2019, 10:00
  • 18.10.2019, 17:00

Ерешова Кабира 18.10.2019, 15:58, Сұрақ нөмірі: 8763

  • 0

Саламатсыз ба! Менде мындай сұрақ. Мен жер учаскемді мемлекеттен емес, бір кісіден сатып алдым, яғни жеке меншігімде, сонда мен жер учаскемді уақытында пайдаланбаған жағдайда да меннен тартып алалады ма мемлекет?

Батыс Қазақстан облысы 18.October.2019, 16:07

Саламатсыз ба Кабира ханым, сұрағанызға рахмет! Қолданыстағы Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 92-бабының, 2-тармағында былай делінген «Егер құрылысқа арналған жер учаскесi оны беру туралы шешім қабылданған күннен бастап үш жыл (егер жобалау-сметалық құжаттамада анағұрлым ұзақ мерзім көзделмесе) ішінде мақсаты бойынша пайдаланылмаған жағдайда, онда Қазақстан Республикасы азаматтарының жеке тұрғын үй құрылысына арналған жеке меншігіндегі жер учаскесін қоспағанда, мұндай жер учаскесi осы Кодекстiң 94-бабында көзделген тәртiппен мәжбүрлеп алып қоюға жатады». Осыған байланысты жеке меншіктегі жер учаскеңізді құжатта көрсетілген мақсатта игеру бойынша тиесілі шаралар қолдану қажет екенін қаперіңізге саламын.