Қамқоршылық кеңестің жұмысы туралы
Павлодар облысының білім беру басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы «Ашық диалог» порталындағы Қамқоршылық кеңес жұмысы мәселелері бойынша интернет-конференциясы
- Сұрақтар: 3
- Жауаптар: 3
- 23.10.2019, 10:00
- 23.10.2019, 16:00
Жексенова Айым 23.10.2019, 13:12, Сұрақ нөмірі: 8789
Құрметті Дінислам Болатханұлы, Қамқоршылық кеңесінің қандай өкілеттігі бар және ол заңнамамен бекітілген бе?
Павлодар облысы 23.October.2019, 14:45
Құрметті Айым! Қамқоршылық кеңесі – бұл қоғамның білім беруді басқаруға қатысуының заманауи түрлерінің бірі. Бүгінгі күні қамқоршылық кеңесінің жұмысы заңнамамен толық реттелген. Онда ол білім беру ұйымының алқалы басқару нысаны ретінде айқындалған. Оның өкілеттігіне 11 пункт кіреді, оның ішінде оқушылар құқықтарының сақталуына қоғамдық бақылауды жүзеге асыру, білім беру ұйымдарын дамыту бойынша бағыттарды әзірлеу. Кеңес өкілдері Ұйымның бюджетін қалыптастыру бойынша ұсыныстар енгізеді, оның жұмысындағы кемшіліктерге жоғары тұрған инстанцияларға көрсетеді, сондай-ақ мектеп директорының кандидатурасын таңдауға қатысады.