Көлік және жол инфрақұрылымын дамыту мәселелері

«Көлік және жол инфрақұрылымын дамыту мәселесі» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Қ.Д.Ысқақовтың қатысуымен өтетін интернет-конференция

  • Сұрақтар: 4
  • Жауаптар: 4
  • 24.10.2019, 10:00
  • 24.10.2019, 17:00

Абсаматов Досжан 24.10.2019, 10:09, Сұрақ нөмірі: 8791

  • 0

Қалаішілік қоғамдық көліктерге электронды билеттік жүйесі қашан енгізіледі және аталған жобаға Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағыдай жеңілдікпен ақы төлеу тарифі қарастырылған ба?

Қызылорда облысы 24.October.2019, 11:04

Қайырлы күн! Сұрағыңызға рақмет! «Жобалық басқару» жобасы шеңберіндегі «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының негізінде «Қызылорда қаласындағы қоғамдық көліктерге электрондық билеттік жүйесін орнату» жобасы мемлекеттік-жекешелік әріптестік (МЖӘ) механизмі аясында іске асырылуда. Ағымдағы жылдың соңына дейін «Аlеm Pay» ЖШС-мен (Алматы) барлық қалаішілік автобустарға электрондық билеттік жүйе орнату көзделіп отыр. Бұл жоба «Аlеm Pay» ЖШС-нің жеке қаржысы есебінен іске асырылады. 2019 жылдың 3 қазанында төрт жақты МЖӘ келісім-шартына қол қойылды. Аталған жоба бойынша Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының тәжірибесі бойынша жолақы тарифтері Қазақстан Республикасының «Көлік туралы» заңына сәйкес 2020 жылдың қаңтар айынан сараланған (дифференцированный) тариф енгізіледі, яғни қалаішілік маршруттарда жолақы көлемі 90 теңгеден онлайн төлемдермен 80 теңгеге түсіріліп, қолма-қол төлемдермен - 130 теңгеге белгіленетін болады.