Көлік және жол инфрақұрылымын дамыту мәселелері

«Көлік және жол инфрақұрылымын дамыту мәселесі» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Қ.Д.Ысқақовтың қатысуымен өтетін интернет-конференция

  • Сұрақтар: 4
  • Жауаптар: 4
  • 24.10.2019, 10:00
  • 24.10.2019, 17:00

Сандыбайұлы Нұрсұлтан 24.10.2019, 11:08, Сұрақ нөмірі: 8792

  • 0

Айдарлы ауылына баратын жол қашан жөнделеді?

Қызылорда облысы 24.10.2019

Сәлеметсіз бе, Нұрсұлтан! 2019 жылы «Қызылорда-Айдарлы-Тартоғай» 50,5 км автомобиль жолына ағымдағы жөндеу және күтіп ұстау жұмыстары жүргізіліп, ой-шұңқырлар жамалды. Сонымен қатар, осы аталған жолдың бойындағы Айдарлы ауылы мен Ботабай елді мекенінің арасындағы жолдың ағымдағы жөндеу жұмыстары қараша айында жүргізіледі. Бұл жолдар өткен ғасырдың 1970-1980 жылдары салынған. 2016 жылдан бастап облыстық бюджеттен қаржыландырып Ботабай ауылының жолына күрделі жөндеуді бастап, 2018 жылы пайдалануға бердік. 2020 жылдан бастап Айдарлы (құны 528 млн.тг. 2020 жылға РБ-255млн.тг) және Тартоғай (құны 259 млн.тг. 2020 жылға РБ-124млн.тг) ауылдарының жолдарына орташа жөндеу жұмыстарын бастаймыз. Тиісті қаражаттары шешілген.