Көлік және жол инфрақұрылымын дамыту мәселелері

«Көлік және жол инфрақұрылымын дамыту мәселесі» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Қ.Д.Ысқақовтың қатысуымен өтетін интернет-конференция

  • Сұрақтар: 4
  • Жауаптар: 4
  • 24.10.2019, 10:00
  • 24.10.2019, 17:00

Есжан Айдын 24.10.2019, 13:28, Сұрақ нөмірі: 8794

  • 0

Қызылорда қаласынан Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтөбе қалаларына күнделікті автобустар қатынайтынын білеміз. Басқа қалаларға маршруттар ашу жоспарда бар ма?

Қызылорда облысы 24.October.2019, 16:20

Сұрағыңызға рақмет! 2019 жылдан бастап аудан орталығынан «Арал-Әйтеке би-Алматы», «Арал-Әйтеке би-Түркістан» және халықаралық «Қызылорда-Ташкент» тұрақты маршруттары ашылып, қазіргі уақытта осы маршруттарға қызмет көрсететін тасымалдаушылар анықталып, жолаушы тасымалдануда. Осы жылы ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің келісімі бойынша облысаралық «Қызылорда-Тараз» бағытына тұрақты маршруттарын ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуде.