«Электрондық үкіметті» дамыту перспективалары мен қазіргі жағдайы және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді автоматтандыру
««Электрондық үкіметті» дамыту перспективалары мен қазіргі жағдайы және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді автоматтандыру» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің «Электрондық үкіметті» және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді дамыту департаменті директорының м.а. Ә.М. Көшербаев жауап береді.
- Сұрақтар: 2
- Жауаптар: 2
- 29.10.2019, 09:00
- 29.10.2019, 11:00
Жүнисбай Әмина Садықбайқызы 29.10.2019, 10:34, Сұрақ нөмірі: 8797
Саламатсыз ба! Мемлекеттік органдардың барлық дерекқорлары әлі интеграцияланбағаны орай проблемалардың туындайтыны туралы жиі айтылады. Бұл мәселе қашан өз шешімін табады, қандай іс-шаралар қабылдап жатырсыздар?
ҚР Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі 29.October.2019, 10:37
Қайырлы күн! Расымен де, мемлекеттік органдардың деректер базасын интеграциялау мәселесі әлі де өзекті. Қазіргі уақытта деректер қорының иелері - мемлекеттік органдармен жұмыс жүргізілуде. ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі бұл үдерісте мемлекеттік органдар арасын өзара үйлестіруші болып табылады. Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін интеграциялауды қамтамасыз ету мақсатында жоспар бекітілді, соған сәйкес 2019 жылдың соңына дейін 18 мемлекеттік орган 196 интеграцияны аяқтауы тиіс. Қазіргі уақытта мемлекеттік органдар 88 интеграцияны аяқтады, қалған 108-і бойынша жұмыс жүргізілуде.