Ашық түрде жариялануы қажет мектеп қызметі туралы мәліметтер
«Ашық деректер» порталында тұрғындар ашық қолжетімді түрде көргісі келетін мектептердің қызметімен байланысты деректер бойынша ұсыныстарды жинау (мысалы, ҰБТ орташа балы, мектеп бюджеті, жалпы қалалық, республикалық және халықаралық олимпиадалар мен спорттық жарыстарға қатысу нәтижелері және т.б.).
- Сұрақтар: 4
- Жауаптар: 4
- 04.11.2019, 09:30
- 08.11.2019, 16:00
Оразымбет Ғалымжан 07.11.2019, 13:04, Сұрақ нөмірі: 8802
Қайырлы күн! Орта мектептердің бюджетін ашық жариялау мәселесі өте өзекті. Ол бірнеше криетрийге сай болуы маңызды:
1. Толық - мектептердің бюджет ақпараты толық болуы керек.
2. Уақтылы - қаржы есебі айлық, тоқсандық, жылдық үогіде жарияланып отырса. Айлық есеп өткен ай аяқталғаннан кейін 3 немесе 5 күнтізбелік күн ішінде, тоқсандық - тоқсан аяқталған соң 3 немесе 5 күнтізбелік күн ішінде, жылдық - жыл аяқталған соң 10 күнтізбелік күн ішінде жариялануы тиіс дегендей нақты шарттар енгізілуі керек.
3. Түсінікті. Көбіне қаржы есебі түсініксіз, ауыр тілде, тек кесте түрінде жарияланады. Оны қарапайым адам түсініп, меңгеруі қиын. Сондықтан, негізі есеппен бірге қарапайым азаматтарға түсінікті, инфографикамен, басқа да тәсілдермен берілген үлгісі болуы керек.
Рахмет!
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі 07.November.2019, 17:46
Сәлеметсіз бе Ғалымжан Оразымбет! Интернет-конференцияға қатысқаныңыз үшін рахмет. Сіздің орта мектеп бюджеті бойынша ұсыныстарыңыз Білім және ғылым министрлігіне жіберіледі. Бұл ретте, Сіз мектептер бойынша қызығушылық танытқан ашық деректер бойынша ұсыныстар қалдыра аласыз (мысалы, таңғы ас пен түскі ас бойынша асхана бағасы).