Қазақстан Республикасында волонтерлік қызметті дамыту туралы

Қазақстан Республикасында волонтерліктің даму тенденциясы туралы

  • Сұрақтар: 4
  • Жауаптар: 4
  • 07.11.2019, 15:00
  • 07.11.2019, 17:00

Айтжанов Ергали 07.11.2019, 15:44, Сұрақ нөмірі: 8805

  • 0

Сәлеметсіз бе, менің есімім Диана. Мен 3 курс студентімін. волонтерлікпен айналысып жүргеніме біраз жыл болды. Волонтер жылында волонтер студенттерге қандай да бір жеңілдіктер қарастырылады ма?

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі 07.November.2019, 16:45

2019 жылғы 2 тамызда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым және Ақпарат және қоғамдық даму министрліктері арасында «Әлеуметтік студенттік кредит» жобасын іске асыру аясында ынтымақтастық туралы меморандум жасалды. Жоба аясында жоғары оқу орындарының студенттері қоғамдық-пайдалы жұмыс нәтижелері үшін ақшалай сыйақы ала алады және академиялық кредиттерді қайта есептете алады. Күндізгі оқу нысанындағы жоғары оқу орындарының студенттеріне 20 сағат қызметі үшін 20 000 теңгеге 50 сағат қызметі үшін 50 000 теңгеге кредит түрлері ұсынылады: Студенттер волонтер ретінде балалар, қарттар үйлерінде, білім беру және басқа да әлеуметтік мекемелерде көмек көрсетеді. Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 2 қыркүйектегі № 391 бұйрығымен инклюзивті білім беру, репетиторлық (қазақ, ағылшын тілдері, компьютерлік сауаттылық), девиантты мінез-құлық бойынша кәмелетке толмағандармен жұмыс, аула және спорт клубтарын ұйымдастыру, балалармен, қарттармен және мүгедектермен әлеуметтік жұмыс салаларында волонтерлікке қатысатын студенттерді көтермелеуді көздейтін норма қарастырылды.