Түркістан облысында «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының орындалуы
Түркістан облысында «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасын орындау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстары туралы интернет конференция
- Сұрақтар: 5
- Жауаптар: 5
- 07.11.2019, 10:00
- 07.11.2019, 18:00
Бектемірова Аксұлу 07.11.2019, 16:07, Сұрақ нөмірі: 8808
Әкім мырза, халықтың әл-ауқатын жақсарту және жұмыссыздықпен күрес мақсатында қандай жұмыстар атқарылуда?
Түркістан облысы 07.November.2019, 16:08
Жұмыссыздық деңгейін төмендету мақсатында «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы іске асырылды. Оның жалғасы ретінде «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы іске асырылуда.Нәтижесінде жыл сайын жұмыссыздық деңгейі 0,1 пайызға төмендеуде.Жаңа жұмыс орындары «Нұрлы жол», «Нұрлы жер», «2020 жылға дейінгі өңірлерді дамыту», кіші және орта бизнесті дамыту бағдарламалары арқылы іске асырылуда. Тек осы жылдың 9 айында облыс бойынша 21 258 жаңа жұмыс орындары ашылып, 1 701 азамат жұмыспен қамтылды. Түркістан облысында 2020 жылға азаматтардың жұмыспен қамтылып, табыстарының артуына үлкен мүмкіндіктер тууда. Атап өтсек, ірі бизнес құрылымдары, мектеп, бала бақша, тұрғын уй құрылыстарының жүргізілуі; мал, егін шаруашылығы, өнеркәсіп, қызмет көрсету саласымен айналысу мақсатында шағын несие берілуі;«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде азаматтарға жұмыспен қамту шараларының көрсетілуі.