Түркістан облысында туризм саласын дамыту
Түркістан облысында туризм саласын дамыту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстары интернет конференция
- Сұрақтар: 3
- Жауаптар: 3
- 07.11.2019, 10:00
- 07.11.2019, 18:00
Саду Бекзат 07.11.2019, 16:33, Сұрақ нөмірі: 8810
Жалпы, Түркістанда болашақта туризм саласын дамытуға қандай жоспарлар бар ?
Түркістан облысы 07.November.2019, 16:34
Алдағы уақытта туризм саласын дамыту бойынша бірқатар жобаларды іске асыру жоспарланып отыр. Мәселен, облысқа келуші туристер мен облыс қонақтарына ұсынылатын кәде сыйлар мен қолданбалы заттарды орталыққа шоғырландыру мақсатында «Зияратшылар орталығы» ғимаратын қайта құрылымдап оны «Ұлы Жібек – жолы» ұлттық қол өнер шеберлері орталығын» құру жұмсытары жүргізілуде. Орталық дәстүрлі қолөнердің барлық түрлерін ұсынады: керамика, тоқыма, ағаш және былғарымен жұмыс, сондай-ақ зергерлік бұйымдар мен қола құю. Орталықта қолөнершілер үшін дуалды білім беру орталығы болады. Технологиялық цикл мамандарына арналған 3, 6 және 12 айлық курстарды өткізу, сондай-ақ қолөнершілердің біліктілігін арттыру көзделген. Түркістан демалыс кешені салынады. Демалыс аймағында гольф, қонақ үй, ресторан, мейрамхана құрылыстары қарастырылған. Құрылыс барысында 500 адам жұмыспен қамтылады. Демалыс кешені туризм саласын дамытуға үлкен үлес қосатыны сөзсіз. Одан бөлек, Шығыс базары бойынша 16 гектар жер телімі бекітіліп, жобалық сметалық құжаты әзірленуде. Жоба бойынша - Қытай, Үнді, Иран, Туркия және тағы басқа базар түрлері болады.Бұл сауда орны да туристерді қызықтыратын кешендердің бірі болады. Биыл, сондай-ақ, Түркістан қаласында «Тайқазан» ортаазиялық гастрономиялық фестивалі мен қолөнер шеберлерінің фестивалін өткізу жоспарлануда.