Түркістан облысында туризм саласын дамыту
Түркістан облысында туризм саласын дамыту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстары интернет конференция
- Сұрақтар: 3
- Жауаптар: 3
- 07.11.2019, 10:00
- 07.11.2019, 18:00
Ешенкулов Нурлан 07.11.2019, 16:43, Сұрақ нөмірі: 8811
Өмірзақ Естайұлы,қайырлы күн. Түркістан қаласы - облыс орталығы статусын алғалы туризмді дамытуға қандай жұмыстар атқарылуда ?
Түркістан облысы 07.November.2019, 16:47
Жалпы Түркістан облсынының туризм саласын дамыту 3 бағытта жүргізілуде. Ол өңірдің туристік әлеуетін маркетингтік ілгерлету, Туристік инфрақұрылымды дамыту және туристік қызмет көрсету сапасын арттыру. Облыстың туристік әлеуетін туристік нарықта жылжыту мақсатында биыл Малазия, Индонезия елдеріне роуд-шоу, туристік опреаторларға және БАҚ өкілдеріне ақпараттық тур, қолөнершілер жәрмеңкесі өткізілді. Бұдан басқа, Қазақстанның шетелдегі елшіліктерінің шақыруы бойынша "TravelMix" (Румыния), "Food Network" (Польша) телеарналары облыстың туристік әлеуеті бойынша түсірілімдер жүргізді. "Апорт" телеарнасының жаңа «Кең Дала» жобасының «Ұлы Темірлан және Ұлы дала», «Көшпенділердің мәдени және этникалық маркерлері», «Ұлы Жібек жолындағы көшпелі және отырықшы мәдениеттің өзара іс-қимылы» тақырыптарындағы басылымдары үшін түсірілімдер жүргізілді.Қазіргі таңда, «Ұлы Жібек жолы дәстүрлі қолданбалы өнер ұлттық орталығын» құру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Қ.А.Яссауи кесенесі аумағын абаттандыру мәселесі қолға алынған.Баку қаласында ЮНЕСКО – ның дүниежүзілік мұралар Комитетінің 43 сессиясында Қ.А.Яссауи кесенесі аумағын абаттандыру жобасы қарастырылып, жобаны жүзеге асыруға оң шешім қабылданды . Туристтерге қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында туристік бизнес өкілдеріне, қонақ үй қызметкерлеріне тұрақты түрде оқыту семинарлары өткізіліп отырады. Одан бөлек, туристік қызмет көрсету сапасын арттыру және цифрландыру мақсатында Қожа Ахмет Ясауи кесенесі кіреберісіне турникет орнатылып, электронды билет беру жүйесі енгізілді және де кесенеге келуші туристердің талғамы мен статистикалық талдау жүргізу мақсатында кесене кіреберісіне келушілердің ұлтын, жасын, жынысын және т.б. ерекшеліктерін анықтайды жоғары технологиялы бейнебақылау орнатылды.