Түркістан облысында «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының орындалуы
Түркістан облысында «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасын орындау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстары туралы интернет конференция
- Сұрақтар: 5
- Жауаптар: 5
- 07.11.2019, 10:00
- 07.11.2019, 18:00
Саду Бекзат 07.11.2019, 17:24, Сұрақ нөмірі: 8817
Сәлеметсіз бе? Атаулы әлеуметтік көмек, яғни 21 мың теңге биылғы жылы бүкіл халықтың аузынан түспеген мәселе болды. Ол көмек әлі де беріліп жатыр ма? Қанша уақытқа жалғасады ?
Түркістан облысы 07.November.2019, 17:25
Аз қамтылған отбасыларға 2019 жылдың 1сәуірінен бастап атаулы әлеуметтік көмек жан басына шаққандағы табысы 20789 теңгеден төмен тұратын отбасыларға төленеді. Аталған көмек жыл соңына дейін беріледі. Бірақ, заң бұзушылыққажол берген азаматтардың көбеюіне байланысты,көмектің атаулығын арттыру мақсатында2020 жылдың 1 қантарынан АӘК жаңа моделін енгізу жоспарлануда: Бірінші – көп балалы аналарды жеке санатқа шығару және оларға кепілді жәрдемақы беру, яғни республикалық бюджет қаражатынан мемлекеттік жәрдемақылар енгізіледі. Жәрдемақының мөлшері балалар санына байланысты сараланған және әр балаға орта есеппен 10-11 мың теңгеден құрайды. Екінші – аз қамтылған азаматтарды қолдау және оларды жұмысқа орналастыруға ынталандыру үшін АӘК көрсетілуі жалғасады. АӘК мөлшері отбасының әрбір мүшесіне облыстық күнкөріс деңгейінің 70% мен жан басына шаққандағы табыс арасындағы айырмашылықты құрайтын болады. АӘК тоқсан сайын тағайындалып, төленеді. Үшінші- барлық АӘК алушылардың балаларына заттай қолдауды қамтитын кепілдірілген пакет ұсынылатын болады. Аталған пакетте мектеп жасына дейінгі балалар үшін: балаларға арналған тамақ, гигиеналық құралдар; мектеп жасындағы балалар үшін – мектепте ыстық тамақ, мектеп құрал-жабдықтары мен киім-кешектері, жол ақысын өтеу болады.