Түркістан облысында «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының орындалуы

Түркістан облысында «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасын орындау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстары туралы интернет конференция

  • Сұрақтар: 5
  • Жауаптар: 5
  • 07.11.2019, 10:00
  • 07.11.2019, 18:00

Ешенкулов Нурлан 07.11.2019, 17:31, Сұрақ нөмірі: 8818

  • 0

(Жетісай ауданының тұрғыны Омарбекова Гүлмира Сейілханқызы). Өңірімізде балалардың бос уақытын тиімді өткізуге бағытталған қосымша білім беру мекемелері неге аз? Соның ішінде Мақтарал және Жетісай аудандарының бөлінуіне орай, Жетісай ауданында саз мектебі және жас туристер станциясы, балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық орталықтар жоқ. Бұл өз кезегінде балалардың сабақтан тыс мезгілде шығармашылығын дамытуға, белгілі бір кәсіпке бағдарлауға жағдайдың жоқтығын түсіндіреді ?

Түркістан облысы 07.November.2019, 17:32

Өзіңіз көтерген мәселе бойынша аудан, қала әкімдеріне балаларға арналған қосымша білім беру мекемелерінің желісін көбейту оқушылардың шығармашылықпен айналысуына бар мүмкіндікті қарастыру мәселесі, яғни Оқушылар сарайы, жас туристер станциялары, өнер, саз, спорт мектептерін ашу жөнінде нақты тапсырмалар берілген. 2020 жылдың аяғына дейін Жетісай, Мақтарал аудандарында да Оқушылар сарайы мен жас туристер станциясын, сондай-ақ спорт, өнер мектептерін ашып, іске қосу жергілікті атқарушы органдарға тапсырылды. Мәселе бақылауда болады.