Түркістан облысында «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының орындалуы

Түркістан облысында «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасын орындау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстары туралы интернет конференция

  • Сұрақтар: 5
  • Жауаптар: 5
  • 07.11.2019, 10:00
  • 07.11.2019, 18:00

Токтогулова Асия 07.11.2019, 17:35, Сұрақ нөмірі: 8819

  • 0

Менің балама жақында тірек-қимыл аппаратының бұзылуына байланысты мүгедектік тағайындалды. Баламның ауру түріне қарай қандай оңалту құралдарын алуға болады және қайдан аламын ?

Түркістан облысы 07.November.2019, 17:45

Мұқтаж азаматтарды оңалту құралдарымен қамту үшін медициналық-әлеуметтік сараптама комиссиясы ұсынатын қорытынды қажет. Осындай қорытынды алған мұқтаж азаматтар тұрғылықты мекен-жайы бойынша азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясына немесе аудандық, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне өтініш берген жағдайда, кезегіне сәйкес тиісті көмектермен қамтамасыз етіледі.