Мемлекеттік қызметке кіру және өту, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау, мемлекеттік қызметшілердің Этикалық кодексін сақтауы мәселелері

«Мемлекеттік қызметке кіру және өту, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау, мемлекеттік қызметшілердің Этикалық кодексін сақтауы мәселелері» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің басшысы Д.А. Секенов жауап беретін болады.

  • Сұрақтар: 15
  • Жауаптар: 15
  • 08.11.2019, 16:00
  • 08.11.2019, 18:00

Қуанышбек Толғанай 08.11.2019, 16:39, Сұрақ нөмірі: 8834

  • 0

Сәлеметсізбе! Менің қояр сұрағым, алимент өндіру бойынша жеке сот орындаушылардың қызметіне байланысты бірнеше рет Әділет департаментіне жолыққан едім. Олардың айтуы бойынша жеке сот орындаушыларына қатысты арыз-шағымды қарастыра алмайтындықтарын айтты. Енді қай органға барып шағымдансам болады. Рахмет!

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 08.November.2019, 16:58

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына әйкес, жеке сот орындаушыларына қатысты арыз-шағымдарды прокуратура органдары қарастырады. Департамент өз кезегінде тек мемлекеттік қызметшілерге қатысты, яғни Әділет Департаменті қызметкерлеріне қатысты қарастырады.