Мемлекеттік қызметке кіру және өту, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау, мемлекеттік қызметшілердің Этикалық кодексін сақтауы мәселелері

«Мемлекеттік қызметке кіру және өту, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау, мемлекеттік қызметшілердің Этикалық кодексін сақтауы мәселелері» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің басшысы Д.А. Секенов жауап беретін болады.

  • Сұрақтар: 15
  • Жауаптар: 15
  • 08.11.2019, 16:00
  • 08.11.2019, 18:00

Акимджанова Нурила 08.11.2019, 16:51, Сұрақ нөмірі: 8840

  • 0

Сәлеметсізбе, жалпы конкурс жарияланды, үміткерлер Қазақстан Республикасының азаматтығын ағымдағы жылда алған, алайда туған анасымен, қарындасының азаматтығы Өзбекстан Республикасында, «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға, құжаттарын ұсынса, келешекте тексеру барысында Ұлттық қауіпсіздік комитетінен неге құжаттарын қабылдайсыз деген сұрақтар туындауы мүмкін бе?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 08.November.2019, 17:17

Сәлеметсізбе, Нурила! «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 16 бабының 1 және 5 тармақтарына сәйкес, мемлекеттік лауазымдарға тиісті біліктілік талаптарына сай келетін, өзінің жеке және кәсіби қасиеттері, денсаулық жағдайы, білім деңгейі бойынша өзіне жүктелген лауазымдық міндеттерді атқаруға қабілетті және Қазақстан Республикасының заңында белгіленген зейнеткерлік жасқа жетпеген Қазақстан Республикасының азаматтары қабылданады. Мемлекеттiк қызметке кiру кезiнде шығу тегіне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез келген өзге мән-жайларға байланысты қандай да бір кемсітушілікке жол берiлмейдi.