Мемлекеттік қызметке кіру және өту, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау, мемлекеттік қызметшілердің Этикалық кодексін сақтауы мәселелері

«Мемлекеттік қызметке кіру және өту, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау, мемлекеттік қызметшілердің Этикалық кодексін сақтауы мәселелері» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің басшысы Д.А. Секенов жауап беретін болады.

  • Сұрақтар: 15
  • Жауаптар: 15
  • 08.11.2019, 16:00
  • 08.11.2019, 18:00

Матбуса Ғұнари 08.11.2019, 16:55, Сұрақ нөмірі: 8843

  • 0

Сәлеметсізбе, бір өтінішпен бірнеше өтініш ала аламынба?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 08.November.2019, 17:20

Қазіргі кезде Алматы қаласында азаматтар бір өтініш негізінде электрондық нысанда келесі мемлекеттік қызмет түрлерін алуға мүмкіндігі қарастырылған: 1.Композитивті қызмет: Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу; Әлеуметтік тәуекелдер жағдайларына әлеуметтік төлемдер тағайындау жүкті болу мен босануға байланысты табысынан айырылу; Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою; Бала туғанда берілетін және бала күтімі бойынша жәрдемақыларды тағайындау; 2.Композитивті қызмет: Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау; Жерлеуге арналған біржолғы төлем тағайындау. Жоғарыда аталған қызмет түрлерін Алматы қаласы бойынша ХҚКО көрсетіледі.