Мемлекеттік қызметке кіру және өту, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау, мемлекеттік қызметшілердің Этикалық кодексін сақтауы мәселелері
«Мемлекеттік қызметке кіру және өту, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау, мемлекеттік қызметшілердің Этикалық кодексін сақтауы мәселелері» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің басшысы Д.А. Секенов жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 15
- Жауаптар: 15
- 08.11.2019, 16:00
- 08.11.2019, 18:00
Абдрашит Ғабит 08.11.2019, 17:52, Сұрақ нөмірі: 8850
Сәлеметсізбе Конкурс негізінде уақытша төменгі бос орынға қабылданған қызметкер жұмыс барысында арнайы тексеру қорытындысын алмай жатып жүктілік пен босану жөніндегі демалысқа шығып кеткен жағдайда сынақ мерзімі өту үрдісі қалай рәсімделеді?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 08.November.2019, 17:54
Сәлеметсізбе! «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 20 бабының 2 тармағына сәйкес, сынақтан өтуші мемлекеттік қызметшілердің дәлелдi себептермен жұмыста болмаған кезеңдері сынақ мерзiмiне есептелмейдi.