Қарағанды облысындағы жол құрылысының қорытындысы және перспективалары
«Қарағанды облысындағы жол құрылысының қорытындысы және перспективалары» тақырыбында интернет-конференция өтетін болады. Пайдаланушылардың сұрақтарына Қарағанды облысы әкімінің бірінші орынбасары Асылбек Жексенбайұлы Дүйсебаев жауап береді.
- Сұрақтар: 4
- Жауаптар: 4
- 11.11.2019, 15:00
- 11.11.2019, 18:00
Маймышева Назира 11.11.2019, 15:25, Сұрақ нөмірі: 8885
Сәлеметсіз бе, Асылбек Жексенбайұлы, Сәтбаев қаласы, Иманов көшесі, 70 үйдің тұрғыны Назира Бақтиярқызымын. Менің өтінішім - келесі 2020 жылы көшемізге (Иманов көшесі, 67-76үйлер) жаңа асфальт төселсе екен. Биыл шілде айында ЖКХ бөлімінің басшысы Камшат Шахмарановнаның көмегімен ескі алфальт тоселген болатын, бірақ ол тым жіңішке, бір көлік қана өте алады. Және көшемізде канализация, теплотрасса жүргізілмеген. Канализация мәселесін әкім орынбасары Батыр Есентайұлы 2020жылдың көктемінде шешілетінін айтты, ал теплотрасса көшемізде жүргізілмеген. Жаңа асфальт төселмес бұрын осы коммуникация жүйелері тартылса екен. Үйлеріміз қаланың шетінде орналасқандықтан ба, назардан тыс қалып қойып жатады, көмегіңізді сұраймыз. Алдын ала алғыс білдіремін, назарыңызға рахмет.
Қарағанды облысы 11.November.2019, 16:41
Қайырлы күн, Назира Бақтиярқызы! 2019 жылы қалалық автомобиль жолдарын күтіп ұстау жұмыстары аясында Сәтпаев қаласының Иманов көшесіне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді, яғни 450 шаршы метр көше жолына 300 тонна көлемінде жонғыланған асфальт (фрезерованный асфальт) төселіп, автогрейдермен тегістеу жұмыстары атқарылды. Ал, сіздің жылумен қамтамасыз ету туралы сұрағыңыз келесі жылы шешіледі. 2020 жылдың бірінші тоқсанында жобалық-сметалық құжаттамаға түзету енгізіледі және мемлекеттік сараптама жасалады, екінші тоқсанда жергілікті бюджеттен қаражат бөлінеді. Кәріз жүйесі бойынша мемлекеттік сараптама жүргізу үшін әкімшілік байқау жариялап жатыр, жыл аяғына дейін тиісті сараптама дайын болады. Жоғарыда аталған көше жолына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу мәселесі, яғни, кәріз және жылу жүйелерін тарту жұмыстары аяқталғаннан кейін, қайта қарастырылатын болады.