Тұрғын үй алу және облыстағы газдандыру мәселелері
Тұрғын үй алу және облыстағы газдандыру мәселелері бойынша интернет-конференция. Пайдаланушылардың сұрақтарына Алматы облысы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының қызметкерлері жауап береді.
- Сұрақтар: 4
- Жауаптар: 4
- 14.11.2019, 10:00
- 14.11.2019, 16:00
Bin070340007228 14.11.2019, 14:53, Сұрақ нөмірі: 8905
Өңір тұрғындары тұрғын үйге мұқтаж және кезекте қанша адам тұр?
Алматы облысы 14.November.2019, 15:06
Облыс бойынша ағымдағы жылдың 1 қазандағы жағдайына мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж есепте тұрған азаматтардың саны 50936 адам. Кезектегілердің ең үлкен үлесі халықтың әлеуметтік әлсіз топтарынан - 19856 адам кезекте тұр, мемлекеттік сектор қызметкерлері - 17824 адам, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған - 7040 адам, Көпбалалы аналар «алтын Алқа, Күміс Алқа, Батыр Аналар» - 6039 адам, мүгедектер мен соғыс ардагерлерімен 151 адам, сондай-ақ 26 адамның тұрғын үйі апаттық деп танылғандар. Соңғы 5 жылда (2014 жылы - 16316 адам) тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар саны 32% - ға артты. Сондай-ақ жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрған азаматтарға түгендеу жұмыстары жүргізіледі. Бүгінгі күні есептен 428 азамат. (ЖСН қайталануы, қайтыс болған деп танылғандар, егер басқа елді мекенге тұрақты тұруға көшу, жеке тұрғын үй сатып алу, соңғы 5 жылда тұрғын үй бар деп танылғандар). Кезектен шығару негіздері "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңның 73-бабына сәйкес жүзеге асырылады.