Ақпараттық қауіпсіздік саласының қазіргі жағдайы мен даму перспективалары туралы
«Ақпараттық қауіпсіздік саласының қазіргі жағдайы мен даму перспективалары туралы» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Р.К. Абдикаликов жауап береді.
- Сұрақтар: 4
- Жауаптар: 4
- 15.11.2019, 09:00
- 15.11.2019, 11:00
Нұрғали Ескендір 15.11.2019, 10:24, Сұрақ нөмірі: 8907
Қайырлы күн! Бізге сіздердің сенімді бағдарламалық қамтылым тізілімін жүргізуіңіз белгілі. Компания үшін Тізілімде болудың қандай артықшылықтары бар және осы Тізілімге қалай енуге болады?
ҚР Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі 15.November.2019, 10:30
Сәлеметсіз бе, Ескендір! Тізілім 2018 жылдың шілде айында мемлекеттік органдарда ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында құрылған және ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетін бағдарламалық қамтылым және электрондық өнеркәсіп өнімдерінің тізбесі болып табылады. Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 24 қарашадағы «Ақпараттандыру туралы» Заңының 54-бабының 3-1-тармағына сәйкес мемлекеттік органдар елдің қорғанысы мен қауіпсіздігі үшін ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды іске асыру мақсатында Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес тізілімнен өнімді сатып алады. 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап алдын ала біліктілік іріктеуімен конкурс тәсілімен сатып алынатын болады, өйткені білікті әлеуетті өнім берушілердің тізбесіне енгізу шарты әлеуетті өнім берушінің тауарының тізілімде болуы болып табылады, бұл мемлекеттік сатып алу кезінде осы өндірушілерге айтарлықтай артықшылық береді. Тізілімді қалыптастыру, жүргізу қағидалары, оның ішінде өтінімді беру тәртібі, өтінімге қоса берілетін құжаттар тізбесі, сондай-ақ Тізілімге енгізу өлшемдері 2018 жылғы 28 наурыздағы № 53/НҚ бұйрығымен айқындалған, Министрліктің ресми сайтында және "Әділет"АЖ-да орналастырылған.